Тазетдинова Наиля Рафкатовнаның офтальмологиялық кабинеті
Мемлекеттік бас лицензия
№ 0058680
Медицина ғылымдарының кандидаты
Дәрігер-офтальмолог
Офтальмохирург
КӨРУ – бұл әрқайсысымыз үшін аса құнды байлық болып табылады. КӨРУ бізге қоршаған әлем туралы ақпараттың 80%-ын береді. Өкінішке орай, планетамыздағы халықтың үштен бірі КӨРУГЕ қатысты түрлі ауруларға душар болған.
Егер сіздің алдыңызда мынадай сұратар тұрса:
- нашар КӨРУ – не істеймін?
- КӨРУДІ қалай жақсартса болады?
- баланыздың жақсы КӨРУ қабілетін қалай сақтауға болады?
- КӨРУДІ түзетудің қандай әдісіні таңдаған жөн?
- көзілдірік дұрыс па әлде жанаспалы линза ма?
- КӨРУГЕ қатысты қиындықтар туса, қайда бару керек?
Онда бұл сайт сізге арналған!
Біздің сайтта көздің қандай ауралары болатыны және, ең бастысы, оларды дұрыс анықтау үшін не істеу қажет екені туралы сөз қозғаймыз. Біздің офтальмологиялық кабинет 2008 жылғы желтоқсанда алғаш рет есігін айқара ашты. Алайда, оны ашуға байланысты қадам сонау 1977 жылы басталған болатын, ол кезде интернатураны тәмамдаған соң офтальмолог-дәрігер атағын беру туралы алғашқы сертификат берілген болатын. Содан кейін оқу мен жұмысқа арналған бірнеше жылдар, өйткені өзіңді-өзің жетілдірмесең, дәрігер болып жұмыс істеу мүмкін емес.
Біздің кабинетте көздің ауруларына және көрудің бұзылуына байланысты кез келген мәселелер бойынша офтальмологиялық зерттеулер мен кеңес берулер жүргізіледі. Кеңес беруді білікті офтальмолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Тазетдинова Наиля Рафкатовна жүргізеді.


Біздің кабинетте көздің барлық ауруларын анықтауға болады: көз рефракциясының бұзылуы – алыстан көрмеушілік, жақыннан көрмеушілік, астигматизм, шел басу, глаукома, көз торының аурулары. Соған қоса, ағзаның жүйелік аурулары болған жағдайда зерттеулердің нәтижесінде диабет, көз нервісінің аурулары және т.б. ауруларды анықтауға болады.